Ақтөбе обылысында биыл 350 шақырымға жуық автокөлік жолы жөнделді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.11
  • 530.09
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе обылысында биыл 350 шақырымға жуық автокөлік жолы жөнделді

Ақтөбе обылысында биыл 350 шақырымға жуық автокөлік жолы жөнделді

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының жолдауы аясында Ақтөбе облысының дамуы туралы баяндамасында өңірдегі жол мәселесіне тоқталып өтті.

  • 4 Қараша 2021
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде өңірдегі автожолдардың сапасын жақсарту мәселесі өзекті болып отыр.

«Осыдан 10 жыл бұрынғы мәліметтерге сүйенсек, ол кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі небәрі 42% болған екен, ал 2019 жылы 56.5% құраған. Бүгінде облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 61%-ды құрайды. Осы бағытта әлі де көптеген жұмыстар жүргізілуде», — деді Оңдасын Оразалин.

Белгілі болғандай биыл 14,3 млрд теңгеге 348 шақырым жол жөнделді. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 450 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отры. Соның нәтижесінде жалпы алғанда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 66%-ға  жетуі тиіс.


Атап айтқанда, «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолын», «Ақтөбе-Орск», «Қобда-Мәртөк» автомобиль жолдарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу сынды ірі жобаларды аяқтау жоспарланып отыр.