Ақтөбе: полицияның бұрынғы екі қызметкері британдық әнші Стингкке мұңын шақты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе: полицияның бұрынғы екі қызметкері  британдық әнші Стингкке  мұңын шақты

Ақтөбе: полицияның бұрынғы екі қызметкері британдық әнші Стингкке мұңын шақты

Ақтөбеліктер сот пен жергілікті биліктен күдер үзе бастаған сияқты. «Көшеміздің көретін жері жоқ» деп,  Путин мен Медведевтен көмек сұрағаны күні кеше еді. Енді полицияның бұрынғы екі қызметкері басшылықтан «теперіш көрдік» деп, әйгілі британдық әнші Стингкке  мұңын шағып отыр.

  • 14 Шiлде 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

Ғалия Мұхамбетова мен Күмісбек Қанымбаев «қызметіне салғырт қарады» деген айыппен өткен жылы жұмыстан шығарылыпты. Бұған келіспеген олар бір жыл бойы барлық деңгейдегі сотқа шағымданған. Бірақ,ешқайсының шешіміне көңілдері толмай, енді осындай  қадамға барып отыр. Олар жақында «Стинг мұнайшыларды қолдапты» деген әңгімені естігендерін айтады.

Күмісбек Қанымбаев, Ақтөбе қалалық ІІБ бұрынғы қызметкері:


Стинг әйгілі әнші,Астана күніне келмей қалды. Келмеген себебі,  мұнайшыларға уақтылы жалақыларын бермеген, соған наразы болған. Енді соның үндеуі бойынша  айлықтары жақсы беріліп жатыр ғой. Біз де сол сияқты, көмегі тие ме, деген оймен…

Соңғы жаңалықтар