Caravan Logo

Ақтөбе: полицияның бұрынғы екі қызметкері британдық әнші Стингкке мұңын шақты

Ақтөбе: полицияның бұрынғы екі қызметкері  британдық әнші Стингкке  мұңын шақты

Ғалия Мұхамбетова мен Күмісбек Қанымбаев «қызметіне салғырт қарады» деген айыппен өткен жылы жұмыстан шығарылыпты. Бұған келіспеген олар бір жыл бойы барлық деңгейдегі сотқа шағымданған. Бірақ,ешқайсының шешіміне көңілдері толмай, енді осындай  қадамға барып отыр. Олар жақында «Стинг мұнайшыларды қолдапты» деген әңгімені естігендерін айтады.

Күмісбек Қанымбаев, Ақтөбе қалалық ІІБ бұрынғы қызметкері:


-
Стинг - әйгілі әнші,Астана күніне келмей қалды. Келмеген себебі,  мұнайшыларға уақтылы жалақыларын бермеген, соған наразы болған. Енді соның үндеуі бойынша  айлықтары жақсы беріліп жатыр ғой. Біз де сол сияқты, көмегі тие ме, деген оймен...