Биыл 30-шы рет өтіп жатқан бұл байрақты бәсекеге жарыс қожайындары үш, Атырау мен Ақтау екі-екіден және Қазалыдан бір команда қатысқан болатын. Кеше жартылай финалда «Ақтөбе-97» мен «ОСДЮШОР-97» командары кездесіп, ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ал «Атырау-97» мен «Каспий-97» арасындағы ойында жеңімпаз 11 метрлік пенальти сериясында ғана анықталды. Онда атыраулықтардың мерейі үстем шықты. Енді ақтық сынға жолдама алған «Ақтөбе-97» мен «Атырау-97» командалары арасындағы кездесуде басым түскені турнир жеңімпазы атанбақ.