Ақтөбе қалалық ІІД-нің бұрынғы екі қызметкері Стингке шағым айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қалалық ІІД-нің бұрынғы екі қызметкері Стингке шағым айтты

Ақтөбе қалалық ІІД-нің бұрынғы екі қызметкері Стингке шағым айтты

Ақтөбе қалалық ІІД-нің бұрынғы екі қызметкері – қылмыстық полицияның іздестіру бөлімінің оператвитік аға өкілі Ғалия Мұхамбетова мен оның әріптесі Күмісбек Қаныбеков жұмыстан заңсыз қуылдық деп, британдық рок-музыкант Стингке шағымданды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

  • 13 Шiлде 2011
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Мен ақиқатқа қол жеткізетін сіз ғана деп сенемін. Себебі мені қорлағаны туралы сіз ғана біздің президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жеткізе аласыз деп есептеймін. Өйткені, менің оған шағымым жетпейді, сондықтан менің проблемам шешілмей отыр, және мені жұмысқа қайта орналастармай жатыр», — делінген экс-полицейлердің Стингке жазған хатында.

Сәрсенбі күні «Қазпоштаның» бөлімшесі арқылы жіберілген хат мәтінінде айтылғандай, 2010 жылы 11 тамызда облыстық полиция департаментінің бастығы Патрис Нокин Ғалия Мұхамбетова мен оның әріптесі Күмісбек Қаныбековтерді жұмыстан қуып жіберген. Оған себеп болғаны ведомстводан «аса құпия» деп саналатын құжаттар жоғалған. Ал Г. Мұхамбетова өзін оған ешқандай қатысым жоқ деп есептейді.

Майор К. Қаныбеков «әскери-қызмет тәртібін дөрекі бұзғаны үшін» жұмыстан қуылған.

Полицейлер журналистерге осы уақытта олар әр түрлі сатыдағы соттарға жүгінгенімен жұмысқа оларды орналастырмай қойғанын айтқан.

«Мен ішкі істер министрлігіне, бас прокуратураға, ұлттық қауіпсіздік комитетіне және ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовқа жүгіндім, бірақ олардың барлығы да істің қаралып жатқанын ғана айтып отыр», — деп налынды Г. Мұхамбетова.

Соңғы жаңалықтар