Ақтөбе қалалық мектептерінің бірінде оқушыларға есірткі сатумен айналысқан мұғалім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қалалық мектептерінің бірінде оқушыларға есірткі сатумен айналысқан мұғалім ұсталды

Ақтөбе қалалық мектептерінің бірінде оқушыларға есірткі сатумен айналысқан мұғалім ұсталды

Ақтөбе қалалық №5 орта мектептің еңбек және денешынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларға есірткі заттарын сатумен айнылысты деген күдік бар. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІБ төрағасының орынбасары Анатолий Маруев облыстық полициясының биылғы бес айдағы жұмыс қорытындысына арналған брифингте мәлімдеді.

  • 16 Маусым 2003
  • 591
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, өзі есірткі тұтынушы болып табылатын күдікті оқушыларға есірткі, соның ішінде марихуана сатумен айналысқан болуы мүмкін деген күдік бар. Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері мұғалімді осы кәсіппен тікелей айналысып жүрген жерінен қолға түсірген. Қазір мұғалімнің үстінен қозғалған қылмыстық іс сот мекемелеріне жіберілді.

Сондай-ақ, брифингте мәлім болғанындай, биылғы жылдың алғашқы бес айында Ақтөбе құқық қорғау мекемелері заңсыз айналымнан 10 кг 360 г есірткі, соның ішінде 100 грамм героин шығарған. Заңсыз есірткі сақтаумен айналысқан 172, есірткі саудасымен айналысқан 58 адам тұтқындалды.
Жалпы алғанда өткен бес айда Ақтөбе облысының аумағында 2 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Олардың 300-ін дер кезінде әшкерелеу мүмкін болмады. А.Маруевтың айтуынша, осы мерзімде облыста кісі өлтіру оқиғасы 33, қастандық жасау оқиғасы 41, адам зорлау оқиғасы 23, тонаушылық оқиғасы 166 мәрте тіркелген.
Барлық қылмыс түрлері арасынан пәтер, автокөлік және мал ұрлау оқиғасы ең көп орын алды. Жыл басынан бері осындай оқиғалар 1102 мәрте тіркеліп, оның 238-і әшкереленген жоқ.

Соңғы жаңалықтар