Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Жаңажол кенішіндегі 6 ұңғының жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Жаңажол кенішіндегі 6 ұңғының жұмысы тоқтатылды

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен Жаңажол кенішіндегі 6 ұңғының жұмысы тоқтатылды

Ақтөбе қалалық соты CNPC "Ақтөбемұнайгаз" ААҚ-на қарасты Жаңажол кенішіндегі 6 ұңғының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Шiлде 2003
  • 692
Фото - Caravan.kz

Ұңғыларды пайдалауға беруде бірқатар талаптарды бұзу — осындай шешім қабылдауға түрткі болса керек. Мұндай жағдайды құрамына ұңғылар өз аумағында орналасқан Мұғалжар ауданының әкімшілік өкілдері, CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының мердігері болып табылатын «Қазақстан-Қытай бірлескен «Великая стена»»ЖШС мен жергілікті экологтар өкілдері қамтылған арнайы комиссия да растап отыр. Комиссия тексеруі барысында ұңғымалардың улы өндірістік қалдықтары сақталатын жерлерде гидроизоляцияның бүлінгені белгілі болды.

Жаңажол кенішіндегі 6 ұңғы 2001-жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген.
Сот барысында белгілі болғанындай, CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясының басшылығы мердігердің ұңғыны іске қосуда жіберген қайшылықтарын біле тұра кемшіліктерді жоюға ешбір қадам жасамаған.
Ал CNPC «Ақтөбемұнайгаз» өкілдері болса, кемшіліктерді өз беттерімен жоюға әрекет жасағандарын айтып сендіруге тырысады. Олардың айтуынша, талап бойынша қалдық жинақтарын арнаулы пленкамен қымтап , цементпен қатырудың орнына топырақпен көмуге тырысқан.
Ал Ақтөбелік эколог мамандар Қытайлық инвесторлардың экологиялық талаптарды жорыта елемейтіндігін айтып дабыл қағуда. Мәселен, тек 2003-жылдың 6 айында CNPC «Ақтөбемұнайгаз» компаниясына 38 мәрте 0,5 млн. теңгенің айыппұлы салыныпты. Ал 2002-жылы компания сотқа түсірілген шағымдар бойынша 14 млн. теңгеден астам айыппұл төлеген.

Соңғы жаңалықтар