Бұл тізімге 100-ден артық жасаған қала тұрғындары ілікті.
Сессияда атап көрсетілгеніндей, қариялар ыстық және суық су, жылу, газ және лифтіні пайдалану ақысынан босатылады. Сонымен бірге олар айына 50 кВт-қа дейінгі электр қуатын тегін тұтына алады. Телефонның абоненттік төлемі — 440 теңгені де бюджет есебінен төлеу қарастырылған. Ал қалааралық телефон байланысының ақысын жеңілдік иелерінің өздері төлейді.
Ұзақ жасаған қарияларды коммуналдық қызмет төлемдерінен босату үшін қалалық бюджетте жылдың аяғына дейін 64 мың теңге қарастырылған.
Қазіргі жағдаймен Ақтөбеде 1 кВТ электр қуатының құны 5,5 теңгені, ыстық судың бағасы 292 теңгені, суық судың бағасы 243 теңгені құрайды.