Ақтөбе қаласының мәртебесі арта түседі - Ақтөбе облысының әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе қаласының мәртебесі арта түседі - Ақтөбе облысының әкімі

Ақтөбе қаласының мәртебесі арта түседі - Ақтөбе облысының әкімі

Бүгін қала активімен өткен кездесуде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қаланың жаңа әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтың алдына бірқатар міндеттер қойды.

  • 27 Шiлде 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе қаласының мәртебесі арта түседі. Жоспарларымыз үлкен, алайда бізге еңбек ету керек», — деді Архимед Мұхамбетов. Ол сондай-ақ қаланың бұрынғы әкімі ретінде облыс орталығының алдында тұрған барлық проблемаларды жақсы білетінін және жаңа басшыға жан-жақты көмектесетінін атап өтті.

Алға қойылған міндеттер арасында қаланың 2012 жылғы даму бас жоспарын аяқтап, оның мақұлдануына қол жеткізу, қаланың инженерлік желісін дамытуды жалғастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын қайта жаңғырту бағдарламасын қатаң бақылауға алу, жылу маусымына дайындық мәселесін бақылауға алу сияқты басқа да мәселелер бар.

«Мен үшін бүгін ерекше күн. Қала әкімінің жұмысы мен үшін жауапты қызмет. Бұл жерде жұмыс істеген әкімдер Ақтөбенің даму деңгейін арттырды. Мен де сенімді ақтап, бұл жоспарларды орындау үшін бар күш-жігерімді салатын боламын», — деді Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Соңғы жаңалықтар