Ақтөбе салық комитетінің қызметкері 80 мың теңге жымқырғаны үшін сотты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе салық комитетінің қызметкері 80 мың теңге жымқырғаны үшін сотты болды

Ақтөбе салық комитетінің қызметкері 80 мың теңге жымқырғаны үшін сотты болды

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Ақтөбе қалалық салық басқармасының бас маманына қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

  • 2 Маусым 2011
  • 454
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекеттік қызметші Ақтөбе қаласының ЖШС-терінің бірін жеделдете жойып беруге қолғабыс етем деген желеумен бірнеше рет өзгенің мүлкін жымқырумен айналысқан. Жеме-жемге келгенде ол аталмыш ЖШС-ке қатысты шаруаны шешіп беруге өкілетті емес еді. Оның жымқырған ақшасының жалпы сомасы 80 мың теңгені құрады.

Ақтөбе қалалық №2 сотының шешімімен салық қызметкері алаяқтық қылмыс жасады деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның екі жылын ол шартты түрде өтеуі тиіс, сонымен қатар ол 2 жыл мерзімінде мемлекеттік басқару міндеттерін атқаруға өкілетті мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар