Ақтөбе: СЭС эпидемиялық ахуалдың нашарлағанын айтып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе: СЭС эпидемиялық ахуалдың нашарлағанын айтып отыр

Ақтөбе: СЭС эпидемиялық ахуалдың нашарлағанын айтып отыр

Ақтөбе облысында бруццелез бойынша эпидемиялық ахуалдың нашарлағаны байқалып отыр, деп хабарлайды санэпидемқадағалау департаментінің қалалықбасқармасы.

  • 10 Маусым 2011
  • 646
Фото - Caravan.kz

«Мамыр айында адамдардың арасында бруццелезбен ауырудың 4 оқиғасы тіркелді. 2 оқиға Қарғала мекеніндегі отбасыда және 2 оқиға Новый кентіндегі отбасыда тіркелді», — деп атап көрсетті қалалық СЭС-тің бас маманы Гүлден Бұжаубаева.

Оның айтуынша, Новый ауылында инфекцияның ошағы 1 бас ірі қара мал мен 3 бас ұсақ тұяқты мал болған. Сиыр «Айбек» мал сою цехына берілді, ұсақ тұяқты малдың тушалары көмілді.

Санитарлық дәрігерлер 2 адамның ауруды ауру малды бағып, сүтін ішкенде жұқтырғанын анықтады. Қарғала ауылында 3 бас ұсақ тұяқты мал індет ошағы болған.

Қалалық СЭС-тің хабарлауынша, адамдар мен жануарлардың арасында бруцеллездің таралуына жол бермеу мақсатында ветеринарлық инспекция үй малдарын бруцеллезге тексере бастады.

Жыл басынан бері 16 484 бас ірі қара және ұсақ тұяқты мал тексерілді. Бруцеллезге оң нәтиже берген227 бас мал анықталды.

«Ондай малға жақын жүрген 228 адам бруцеллезге тексерілді. Олардың 11-інен бруцеллезге оң нәтиже шықты», — деді Г. Бұжаубаева.

Бруцеллёз (лат. brucellosis) — зоонозды жұқпалы ауру, ауру адамнан малға жұғады, адам ағзасының мүшелері мен жүйелерін зақымдайды.

Соңғы жаңалықтар