Ақтөбе сотының ғимаратынан жарылғын құрылғысы табылған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе сотының ғимаратынан жарылғын құрылғысы табылған жоқ

Ақтөбе сотының ғимаратынан жарылғын құрылғысы табылған жоқ

Сапер мамандар Ақтөбе қалалық сотының ғимаратынан жарылғыш құрылғысын тапқан жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Шiлде 2011
  • 365
Фото - Caravan.kz

«Бомба туралы хабар таңғы сағат 10:50-де түсті. Саперлар жарылғыш құрылғысын тапқан жоқ», — деп мәлім етті жедел жәрдем станциясының ауысым дәрігері Балжан Әзімбаева.

ІІД өкілдері оқиға туралы толық ақпаратты түстен кейін беретіндерін мәлімдеді.

Бұрын хабарланғандай, жұма күні Ақтөбе қалалық сотының ғимаратына жарылғыш құрылғысы қойылғаны туралы хабар түсті. Ол жаққа қаланың жедел қызметтерінің бәрі тартылды.

Ал қалалық соттың қызметкерлері саперлар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты қуаттаған жоқ.

«Саперларды шақырттық, алайда олар мұнда 2 сағаттан кейін жететін шығар, өйткені олар күдіктілерді (полицейлерді өлтірген — ҚазТАГ) ұстау бойынша оперативті-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқан Темір ауданының Шүбаршы ауылында жүр», -деді қалалық соттың қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар