«Алға ауданының 27 жастағы тұрғынына өз кінәсін толығымен мойындаған қылмысты жасады деп айып тағылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері күдіктінің мойындаған жауаптары қылмыс жасалған орындағы тергеу сараптамасы барысында тексерілгенін атап көрсетті.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында 1 ақпанға қараған түні жол полициясы басқармасының екі қызметкері — аға сержант Ержан Бердешев пен сержант Нұрболат Серғалиев өлтірілген. Олардың кескіленген денелері облыс орталығындағы үйлердің бірінің ауласында қызметтік көлігінен табылған.
Осы қылмыстан кейін бірнеше күн өткен соң Ақтөбе қаласының полициясы сегіз күдіктіні тұтқындаған. Алайда қысқа уақыт өткеннен кейін Ақтөбе облысының прокуратурасы оларды босатуға қол жеткізген. Содан кейін полиция қызметкерлеріне қатысты күдіктілерге мойындау жауаптарын күшпен таңу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті