Ақтөбе: Тұрғындары кетіп қалған ауылдан жалғыз кемпір әлі көшпей отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе: Тұрғындары кетіп қалған ауылдан жалғыз кемпір әлі көшпей отыр

Ақтөбе: Тұрғындары кетіп қалған ауылдан жалғыз кемпір әлі көшпей отыр

Ақтөбе облысындағы Жоса ауылында жалғыз тұрғын қалды! 77 жастағы Анастасия Зайцева туған ауылын қимайды. Жапан далада жалғыз қалса да, қиналып жүрген ол жоқ. Жазда бақша өсіріп, қолындағы санаулы малын бағып отыр. Тоқсаныншы жылдары үдере көшкен ауылдастары қайта көшіп келер деп те үміттенеді.

  • 27 Тамыз 2015
  • 348
Фото - Caravan.kz

Бұрын мына ну орман арасында үлкен ауыл болды дегенге ешкім сенбейді. Осыдан 20 жыл бұрын Жоса елді-мекенінде екі жүзге тарта шаңырақ түтін түтетіп, өңірде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын училище де болды. Ал қазір қаңырап бос қалған ауылда жалғыз қария тұрып жатыр.

Анастасия Зайцева жалғыздыққа бойы үйренгенін айтады. Күні бойы бау-бақшасын баптап, қорасындағы санаулы төрт түлігіне қарап қояды. Ұл-қызы жақын маңдағы ауылдарда тұрғанымен оларға барғысы жоқ. Себебі, осы жақта 50 жыл отасқан жұбайы жерленген. Ішіндегі шерін шалының бейітіне барып ақтарып қайтады.

Сексенге келіп қалса да, кейуана тың. Керек-жарағын сатып алу үшін үш шақырым жердегі көрші ауылға аптасына екі рет жаяу қатынайды. Балтыры сыздап, белі ауыра қалса, орманнан жинаған емдік шөптерін пайдаланады екен. Жергілікті шенеуніктер қанша үгіттесе де, ауылын тастап кеткісі жоқ. Тоқсаныншы жылдары үдере көшкен көршілері қайта оралар деп сенеді.

Анастасия Зайцева, Жоса ауылының тұрығыны:

  Көшу туралы әзірге ойым жоқ. Егер қала орталығына көшірсе барар ма едім, қайдам? Бірақ көрші ауылдарға барғым келмейді. Ауылдан ауылға көшіп нем бар? 

Кейуанаға сол маңдағы шаруа қожалықтары қыстық жем-шөбін түсіріп береді. Тек қар түскенде қатынастың болмай қалатынына қиналады. Әкім-қаралар соны бақылап отырса екен дейді зейнеткер.

 

Соңғы жаңалықтар