Ақтөбе тұрғыны көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе тұрғыны көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

Ақтөбе тұрғыны көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды

Ақтөбелік көлігінің ішіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды Оқиға 18 шілде күні сағат 20:23-те тіркелді.

  • 19 Шiлде 2021
  • 24
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбе облыстық ТЖД кезекші-диспетчерлік пультіне полиция қызметкерлерінен хабарлама түсті. Ақтөбе қаласының тұрғыны «Лексус 350» маркалы жеке автокөлігінің салонына бензин құйып, есіктерін құлыптап, өзін-өзі өртемек болды.

«Шақырту орнына шұғыл түрде 8 адам және 2 техника жіберілді. Оқиға орнына келген бойда өрт сөндіруші-құтқарушылар, азаматтық қорғау кіші сержанттары Т.К. Сырымбетов пен А.Р. Омаров машинаның артқы әйнегін сындырып, ал басқа құтқарушылар көбік шашты. Осылайша жедел әрі тиянақты әрекет ету нәтижесінде 1983 жылы туған тұрғын құтқарылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.