Ақтөбе тұрғыны Владимир Путинді сынағаны үшін сотталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
0 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе тұрғыны Владимир Путинді сынағаны үшін сотталып жатыр

Ақтөбе тұрғыны Владимир Путинді сынағаны үшін сотталып жатыр

Ақтөбе қаласының 46 жастағы тұрғыны, ғаламторды белсенді қолданушы Санат Досов Фейсбуктегі жазбалары үшін сот алдында жауап беріп жатыр. Ол әлеуметтік желіде Ресей президенті Владимир Путиннің саясатына қатысты пікірін айтып отырған. Енді сол үшін әлеуметтік араздық тудырды деп айыпталуда. 

  • 1 Желтоқсан 2016
  • 5460
Фото - Caravan.kz

ҰҚК Ақтөбедегі департаментінің қызметкерлері Досовтың жазбаларын өткен жылдың соңынан бері мұқият қарап отырған екен6 деп жазады Ratel.kz. Айыпталушының айтқандарына тоқталсақ, ол әлеуметтік желідегі бір сөзінде былай деген: "Путин елді қиратып жатыр! Ешкім де шабуыл жасамайды. Ертең халық түсінсе, бірдеңені өзгерту қиын болады! Орыс, өз жеріңдегі фашизмді тоқтат!"

Оның Путиннің қытығына тиетін осы секілді сөздері көп. Солардың бәрі жинала келіп, биыл шілде айында Санат Досовқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Құзырлы органдар оның жазбаларында әлеуметтік араздықты қоздыратын сөздер бар деп тауыпты. Ал айыпталуышының өзі араздық тудыратын ойым болған жоқ деп отыр.