Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Ақтөбе жағажайында құм астында қалған сәби жансақтау бөлімінде жатыр

Қазір аталған дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалған

  • 24 Шiлде 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

 Ақтөбеде жағажайда құмды топырақтың опырылуынан зардап шеккен 10 айлық қыз, дәрігерлердің сөзіне сүйенсек, бір қалыпты ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Sputnik "Хабар 24" телеранасына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, оқиға жексенбі күні 12.47-де Ақтөбе су қоймасындағы "Інжу" атты жеке меншік жағажайда болған. 2016 және 2017 жылдары туған екі қызды құтқарып алды, екеуі де жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.

"Бала сынық жарақатын алып, ішкі органдарына зақым келген, жарақатының ауырлығын ескере отырып, сәбиді жансақтау бөліміне жатқыздық, оған шокқа қарсы терапия жасалды. Баланың көрер жарығы бар екен, қасында болған анасы соққының негізгі күшін денесімен көлегейлеп, сәби жай ғана топырақ пен құмға көміліп қалыпты", — деп мәлімет берді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.