Жарияланды: 510

Ақтөбе-Алға тас жолындағы апатта 4 адам қаза болды

Кеше «Ақтөбе-Алға» тас жолының 11 шақырымында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан 4 адам жан тәсілім етті, деп хабарлады ІІД.

30 жастағы ақтөбелік, «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі Бестамақ кентінен Ақтөбе қаласына бара жатқан жолда, ауа райының қоласыздығын ескермей, қарсы бағытқа шыға отырып «Toyota Prado» көлігімен соқтығысты. Орын алған апат салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің аты-жөні анықталмаған жолаушысы, 45-50 жастардағы ер адам алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында жан тәсілім етті. Жүргізуші және «ВАЗ-2115» көлігінің 34 және 36 жастардағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен теміржол ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда олар есін жимастан көз жұмды. Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар белгіленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін