Caravan Logo

Ақтөбе-Алға тас жолындағы апатта 4 адам қаза болды

Ақтөбе-Алға тас жолындағы апатта 4 адам қаза болды

30 жастағы ақтөбелік, «ВАЗ-2115» көлігінің жүргізушісі Бестамақ кентінен Ақтөбе қаласына бара жатқан жолда, ауа райының қоласыздығын ескермей, қарсы бағытқа шыға отырып «Toyota Prado» көлігімен соқтығысты.

Орын алған апат салдарынан «ВАЗ-2115» көлігінің аты-жөні анықталмаған жолаушысы, 45-50 жастардағы ер адам алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында жан тәсілім етті.

Жүргізуші және «ВАЗ-2115» көлігінің 34 және 36 жастардағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен теміржол ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда олар есін жимастан көз жұмды.

Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар белгіленді.