7 шілдеде Ақтөбе облысы полиция департаментінің қызметкерлері ҰҚКД Шекара қызметімен бірлескен іс-шаралар өткізу кезінде Ақтөбе облысының аумағында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз кесіп өтуге тырысқан Үндістанның 16 азаматын анықтады. Олар Қазақстан арқылы Ресейге өтуді жоспарлаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған шетелдіктер шағын транзиттік автобуспен Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері арқылы келе жатқан. Алдын алу іс-шараларының нәтижесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын уақытылы болдырмауға мүмкіндік туды.
Профилактикалық әңгімелесуден кейін шетелдіктер әрі қарай өз елдеріне қайтару үшін бақылаумен Алматыға қарай жіберілді.