Ақтөбеде 2 мыңдай әйел құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арналған жәрдемақыны ала алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 2 мыңдай әйел құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арналған жәрдемақыны ала алмай отыр

Ақтөбеде 2 мыңдай әйел құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арналған жәрдемақыны ала алмай отыр

Ақтөбеде 2 мыңдай әйел құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтарға байланысты жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арнап бір мәрте берілетін жәрдемақыны ала алмай отыр. Бұл туралы бүгін, 28-қазанда KZ-today тілшісіне Ақтөбе қалалық төлемдер орталығының төрағасы Өтеген Үркімбаев хабарлады.

  • 28 Қазан 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, биылғы жыл басынан бері Ақтөбеде 4206 бала туған. Алайда, 2200 баланың ата-анасы ғана бір мәрте ақшалай жәрдемақыға қол жеткізді. Басқа ата-аналар жеке құжаттарына қатысты қиындықтар салдарынан мемлекет бөлген ақшаны ала алмай отыр.

Ө.Үркімбаевтың айтуынша, ақшалай жәрдемақыны рәсімдеуге көбінесе ата-аналардың қалада тіркеуде тұрмауы кедергі келтіруде. Ал бір жылдан кейін ата-аналар жәрдемақыны алу құқығынан айрылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет қаулысына сәйкес жаңа туған сәбидің бағым-күтіміне арнап бір мәрте берілетін жәрдемақының мөлшері ең төменгі 15 айлық есептік көрсеткішке тең. Бүгінде бұл сома 13785 теңгені құрайды.

Перейти к новостям спорта