Қалалық еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының төрайымы Нейля Бөртебаеваның мәліметіне жүгінсек, 10 репатриант отбасы қала аясында, ал 17 отбасы облыс орталығының іргесінен баспана алды.
Н.Бөртебаеваның айтуынша, қаланың өзінен үй алу құқығына отбасы мүшелерінің арасында 1 және 2-топтағы мүгедектер, соғыс ардагерлері мен ғылыми атақ-дәрежесі бар ғылым қайраткерлері бар отбасылар ғана ие болды.
Оралмандарға арнап тұрғын үй сатып алу мақсатына облыстық бюджеттен 43,6 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға биыл 30 үй сатып алу көзделген болатын, алайда бөлінген қаржы небәрі 27 пәтер мен үйге әрең жетті.
Жалпы алғанда, Ақтөбе облысында 4 мыңнан астам оралмандар тұрады.