Ақтөбеде 5 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 5 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алады

Ақтөбеде 5 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден әлеуметтік көмек алады

Ақтөбеде 5 мыңға жуық мұқтаж отбасы 50 000 теңгеден көмек алып жатыр. Төртінші кезеңде ауыл тұрғындары қамтылады.

  • 3 Шiлде 2020
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Birgemiz» қоры арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетудің төртінші кезеңі басталды. Бұған дейін Ақтөбе қаласының 18 451 тұрғыны көмек алды.

Ал, үшінші кезеңде республика бойынша 110 мыңдай отбасына көмек көрсетілсе, облысымыздан Алға, Қандыағаш, Жем, Ембі, Темір, Шалқар, Хромтау қалаларындағы 5880 отбасы қолдауға ие болды. Оның ішінде аз қамтылған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар бар.

«Телефоныма келген хабарламаны көргенде көзіме жас алдым. Жүгіріп партия филиалына бардым. Елбасымызға мың алғыс. Әрқашан аман болсын. Әрқашан халқына көмек көрсетуде», — деп жазды Facebook парақшасында Темір ауданының тұрғыны Самал Мамешова.

Ал, Қарғалы ауданының тұрғыны Мадина Таджиева мүмкіндігі шектеулі балаларға қордан көмек көрсетіліп жатқанына ризашылығын білдірген.


Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы өз парақшасында Елбасының тапсырмасымен кезекті көмектің аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталғанын атап өтті.

Тұңғыш Президенттің үндеуіне қолдау білдірген ақжүрек меценаттардың арқасында қорға 28 миллиардтан астам қаражат жиналған.