Жол-көлік оқиғасы сенбі күні кешқұрым орын алды. Әйел жолдың жарығы жоқ жерінен өтіп бара жатқанда, «Nissan X-TRAIL» көлігінің 40 жастағы жүргізушісі оны қағып кеткен. Ол Жиенбаев көшесінен Берсиев көшесіне қарай бағыт алған.
Орын алған апаттың салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында ажал құшты.
Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, сот-автотехникалық және сот-медициналық сараптама белгіленді. Жасалған сараптамаға сәйкес, жүргізуші мас болмаған.