Полицияның ақпаратына сәйкес, 26-тамыз күні полицияның кезекші бөліміне хабарласқан бір азамат Ақтөбе қаласының іргесінде, полиция бөлімшесіне таяу жерде «белгісіз бір еркек ұл баланы зорлауға әрекет жасап жатыр» деп мәлімдеген.
Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары 40 жастағы Ақтөбе тұрғынын ұстады. Олар келген кезде зорлық-зомбылық әрекет жүзеге асырылып қойған екен,- деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін сотқарлығы үшін сотталған зорлықшының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша тергеу қапасына қамалды. ІІБ қызметкерлерінің айтуынша, заң бойынша оған 7 жылға бас бостандығыан айыру жазасы жүктелуі мүмкін.
Зардап шеккен ұлған психологиялық көмек көрсетілді.
Басқарма баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл соңғы екі жылдағы екінші оқиға. Осындай оқиға 2002-жылғы жазда болып, бір жігіт 10 жастағы баланы зорлаған болатын.