Ақтөбеде 85 жастағы зейнеткер арыққа құлап көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 85 жастағы зейнеткер арыққа құлап көз жұмды

Ақтөбеде 85 жастағы зейнеткер арыққа құлап көз жұмды

Ақтөбеде 85 жастағы зейнеткер комуналдық мекеме жұмысшылары қазған арыққа құлап, қаза тапты. Кейуананың жақындары мұны жазатайым жағдай деп, қазаның арты дауға ұласпағанын қалап отыр. Дегенмен, оқиға куәгерлері мен сол маңның тұрғындары оған келіспейді. Жылу құбырын жөндеуге кіріскендер қауіпсіздік шараларын сақтағанда адам өлімі болмас еді дейді олар.

  • 15 Тамыз 2015
  • 335
Фото - Caravan.kz

Жұмысшылардың осы маңдағы жылу құбырларын жөндеуге кіріскеніне екі күн болған. Олардың жаңа қазған арықтарының үстіне өткел ретінде тастаған плитасымен кеше кешқұрым 85 жастағы кейуана өтпек болыпты. Бірақ аяғы тайып құлап түскен. Зейнеткерді ессіз жатқан жерінен ойнап жүрген балалар көреді. Жедел жәрдем шақырғанымен, ол жүріп кеткен. Марқұмның туыстары осы оқиғаға байланысты қандай да бір тексеру жүргізуден қашып отыр. Тіпті комуналдық мекеме басшыларына қолхат беріп үлгерген.

Лия Корзун, марқұмның қызы:

 Никого я не обвиняю. Я даже вчера бумагу написала, что я не имею никаких претензий.

Марқұмның туыстары бұл қазаға көндіккенімен, көршілері коммуналшыларға наразы. Олар құбыр жөндеушілер қауіпсіздікті сақтамаған деп отыр. Оқыс оқиға болғанға дейін арық бойы қоршалмай, әлсіз өткел ашық тұрыпты.

Наталья Хамитова, Ақтөбе қаласының тұрғындары:

— Ешқандай ескерту белгісі болмады. Көршіміз қайтыс болған соң ғана тал-теректерді әкеліп тастады. Бұл жерде балалар ойнайды. Ешқандай қоршаулары да жоқ.

Қазір жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиғаға қатысты жылу мекемесіндегілер қандай да бір жауап беруден бас тартуда. Дегенмен, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғаған. Сараптама да тағайындапты.

Соңғы жаңалықтар