Ақтөбеде 9 жасар қыз құмға көміліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 9 жасар қыз құмға көміліп қалды

Ақтөбеде 9 жасар қыз құмға көміліп қалды

Ақтөбеде 9 жасар қыз ойнап жүріп құмға көміліп қалды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Шiлде 2003
  • 441
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға кеше , 23-шілдеде қала іргесіндегі Заречный елді мекенінде болған. Ауыл шетіндегі кеніштердің бірінде ойнап жүріп құм астында қалған қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Қызбен бірге шұңқырда ойнап жүрген оның бауыры карьерден шығып, оқиға туралы ересектерге хабар берген көрінеді.

Аурухананың реанимациялық бөлімінің дәрігері Асқар Аяғановтың айтуынша, оған ұзақ уақыт бойы бастырылып қалуға байланысты гипоксия деген диагноз қойылыпты. Қазір қыздың ахуалы тұрақтанып, аурухананың емдеу бөліміне ауыстырылған.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма мамандарының айтуынша, жазғы демалыс кезінде балалардың жарақаттану оқиғасы жиілей түседі. Мәселен, өткен жылы Шалқар ауданында ағалы-інілі 5 және 9 жасар екі ұл топырақ астында қалған. Осындай оқиғалар 2002-жылы Темір ауданында және облыс орталығында да тіркелді. Бұл оқиғалардың барлығыда қайғылы жағдайда аяқталған.

Соңғы жаңалықтар