Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған қылмыс камераға түссе де, әлі ашылмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған  қылмыс камераға түссе де, әлі ашылмай отыр

Ақтөбеде адам өлімімен аяқталған қылмыс камераға түссе де, әлі ашылмай отыр

Ақтөбеде кісі қолынан қаза тапқан жігіттің туыстарының тергеу ісіне көңілі толмай отыр. Осыдан төрт ай бұрын Әділбек Молдашевты белгісіз біреулер букмекерлік кеңседе атып өлтірген. Қылмыс толықтай бақылау камерасына түсіп қалыпты. Тіпті ол әлеуметтік желілер арқылы тарап кеткен. Десе де, әлі күнге дейін күдікке ілінген ешкім жоқ.

  • 6 Қараша 2015
  • 378
Фото - Caravan.kz

Осыдан төрт ай бұрын букмекерлік кеңсені тонамақ болған екі адам түн жарымында барлауға келеді. Адам қарасының аз екеніне көз жеткізген олар бетперде киіп қайта оралады. Кіре сала екі рет оқ атқан. Сол жерде болған Әділбек Молдашев жарақат алып, ауруханада қайтыс болды. Қылмыскерлердің әрекеті таспаға басылып, қашқанын көрген бірнеше куәгер болса да әлі күнге дейін олар ұстатпай отыр.

Бисенбай Нысанбаев, марқұмның туысы:

— Өлтірген кісіні табу керек қой. Меніңше, мынаны қарап табуға болады. Енді бұдан зорын тауып жатқанда камерада тұрған адамды таба алмағанда біздің құқықтың адамдары не істейді түсінбеймін?Көңіл бөлінбей жатыр деп есептейміз. 

Оқиға болған күні букмекерлік кеңседе 700 мыңнан астам теңге болыпты. Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмыскерлер осыны алдын ала білген. Сондықтан күдіктілерді алыстан іздеудің қажеті шамалы деп ойлайды. Ал тәртіп сақшыларының өз уәжі бар. Тергеуге байланысты ақпарат құпия дегенімен, қарақшылар қашып құтылмайды деп сендірді.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:   

-Бұл факті бойынша бірнеше нұсқа қарастырылуда және олар бойынша сәйкесінше іс-шаралар жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша жедел іздестіру шарасының жалғасуына байланысты бұдан басқа ақпарат ашып айта алмаймыз.

Тергеуге қатысты тұщымды жауап ала алмаған отбасы прокуратураға шағымданған. Әзірге ол жақтан де ешқандай хабар жоқ. 

Соңғы жаңалықтар