Бұған дейін Ақтөбеде барлық ағаш заңсыз түрлерін заңсыз кесуге байланысты айыппұл мөлшері 3 мың теңгеден аспайтын. Ал қазір , әкімнің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бір ғана шыршаны заңсыз кескені үшін салынатын айыппұл мөлшері 139,5 мың теңгеге жетті. Ал арнаулы рұқсатсыз қарағай мен жапырақты ағаштарды заңсыз кескен заң бұзушыға 52 мыңнан 132,6 мың теңгеге дейін айыппұл жүктелмекші. Бұталы өсімдіктерді жойғаны үшін 25,6 мың теңгенің айыппұлы белгіленді. Сондай-ақ зардап шеккен гүлзарлар мен көгалдардың әрбір шаршы метрі үшін 21 мың теңгеге дейін айыппұл салынады, дейді баспасөз қызметіндегілер.
Әкімшіліктегілердің хабарлауынша, көгалдарды жойғаны үшін жүктелетін әкімшілік жаза мөлшерін қала көріктендіру басқармасының мамандары есептеген. Олардың есебі бойынша, бір шыршаны сатып алу, отырғызу және екі жыл баптап-күтуге бюджеттен 139 мың 671 теңге жұмсалады.
Әкімшіліктегілердің хабарлауынша, аталмыш шаралар қаладағы жасыл қорды сақтау және орнын толықтыру үшін қолданылып отыр. Заң бұзушылардан алынатын айыппұл қалалық бюджетке аударылып, Ақтөбе қаласын көгалдандыру мақсатына жұмсалады.
Қала көріктендіру басқармасының мамандары келтірген мәліметке сәйкес, 2005-жылы Ақтөбеде 4,5 мың қылқан жапырақты, 27 мыңнан астам жапырақты ағаштар отырғызылады. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 22,9 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі жағдаймен Ақтөбе қаласының төңірегіндегі жасыл белдеу 7,5 мың гектарға созылып жатыр.