Ақтөбеде әлеуметтік нан қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде әлеуметтік нан қымбаттады

Ақтөбеде әлеуметтік нан қымбаттады

Ақтөбенің негізгі нан кәсіпорындарының бірі "Рамазан" ЖШС дүйсенбіден бастап әлеуметтік деп аталатын нанның босатылым бағасын 42 теңгеден 47 теңгеге дейін көтерді.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 499
Фото - Caravan.kz

"Босатылым бағасы 47 теңге дегеннің өзінде бізге әлеуметтік нанды өндіруден таза пайда жоқ. Есепке бірінші сұрыпты ұнның бағасын алсақ, оның килосы базарда 68 теңге, яғни біздің кірпіш нан 50 теңге болуға тиіс, мен электр энергиясы, жалақы, газ , басқа да шығындарды есепке алып отырғаным жоқ", деді журналистерге Ақтөбеде "Рамазан" ЖШС бас директоры Орынбасар Мусин.

Әлеуметтік нан деген бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін 600 грамдық бөлке. Бұл нанды пісіру үшін кәсіпорын Ақтөбе әкімшілігімен арада жасалған меморандумға орай тұрақтандырушы қордан бидай алады.

"Рамазан" ЖШС Ақтөбе үшін әлеуметтік нанның 70% пісіріп отыр.


Ендігі бір ірі нан өндірушісі "Атамекен" әлеуметтік нанның босатылым бағасын 1-қазан күннен бастап арттырмақ.