Ақтөбеде аналар көлігін қызметкерлеріне жуғызатын басшыны камераға түсіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде аналар көлігін қызметкерлеріне жуғызатын басшыны камераға түсіріп алды

Ақтөбеде аналар көлігін қызметкерлеріне жуғызатын басшыны камераға түсіріп алды

Ақтөбеде балабақша ауласы көлік жуатын тұраққа айналған.  Оны жасаған мекеме меңгерушісі өзінің темір тұлпарын қызметкерлеріне тазалатқызатын көрінеді. Мұны көрген ата-аналар құзырлы органдарға шағымданыпты. Бірақ ешбірі шара қолданбаған. Ал меңгеруші балабақша ауласында көлік жуғызғанын жасырмайды. Балаларды мерекелік кешке тасымалдау үшін қажет болды деп ақталды ол.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 220
Фото - Caravan.kz

Бұл суретті Ақтөбедегі «Дидар» бақшасына балаларын беретін ата-аналар түсіріп алыпты. Тапа-тал түсте дәл мектепке дейінгі мекеме алдында жұмысшы көлік жуып жатыр. Сөйтсе, машина меңгерушінікі екен.

Гүлсара Әділбекова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Ол көлікпен аулаға келіп, осында жуғызады. Прокуратураға дейін шағымдандық. Жоғары басшыларына суретті де апарып көрсеттік.            

Ал меңгеруші болса жұмысшыларына балабақша ауласында көлік жуғызғанын растап отыр. Дегенмен, өзінің емес, басқа біреудің машинасы еді деп ақталады. Оны мерекелік шараға балаларды жеткізу үшін пайдаланыпты.

Гүлсім Шоқпарова, «Дидар» балабақшасының меңгерушісі:

-Кім жуады деген?

-Біз өзіміз жуамыз.

-Иә, аулада.

-Сіздің көлігіңіз бе?

-Жоқ, менің көлігім емес. Менің көлігім әне тұр далада. Біз кейде солай ата-аналар келсе солардың машинасына отырғызып балаларды тиеп апару үшін жасаймыз.

Ата-аналардың айтуынша, суреттегі қымбат көлік меңгерушіге тиесілі. Бірақ балабақша басшысы шу шыққан соң темір тұлпарын ауыстырып жіберген. Сондықтан тексеру жүргізген мекемелер санитарлық ережені бұзған жұмысшыны ғана жұмыстан шығарыпты. Ал бастығы ескерту де алмады деп ашынады тұрғындар.