Тәрбиесі қиын санатына жатқызылған жеткіншектер бес күн бойы спорттық-патриоттық ойындарға қатысты. Олар жасырылған командалық бекетті тауып алып, болжамды қарсыластың байрағын алуға тиіс болды.
«Ойын ашық аспан астына тігілген лагерде өтті. Онда балалар өздерінің патриоттық қабілеттерін барынша көрсетуге тырысты. Біз «тәрбиесі қиын» аталуға тиісті балаларды жинап, олармен ашық-жарқын сөйлесуге тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тырысамыз», — дейді Көліктегі Батыс ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Нұржан Дүйсебаев.
Көзге ерекше түскен қатысушылар құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Арай» лагері өзінің жұмысын 2010 жылдың шілдесі мен тамызында жалғастырады.