Ақтөбеде ауылдық округтардың әкімдері кезекті аттестаттаудан өтті
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасайтын лауазымды тұлғаларын аттестаттау туралы» Ережесіне сәйкес, |
жылына 2 рет Ақтөбе облысының ауылдық округтарының әкімдері нотариаттық іс-әрекеттер жасау құқығын алуына аттестаттаудан өтеді. Бұл жайында ҚР Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланған.
Осыған байланысты, биылғы 22-23 қараша аралығында Ақтөбе облысының Әділет департаменті лауазымды тұлғалардың кезекті аттестаттауын ұйымдастырды. Лауазымды тұлғалардың аттестаттауы аумақтық аттестаттық комиссиясымен өткізіледі, оның жеке құрамы Ақтөбе облысының Әділет департаменті бастығының 2012 жылдың 19 қарашасындағы № 740 бұйрығымен бекітілді. Комиссия құрамына Ақтөбе облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары Б.С. Ерімбетов , бөлім бастығы мен мамандары және облыс әкімдігінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің өкілі М.Ж. Райханова кірді.
Аттестаттаудан өтуге барлығы 38 ауылдық округтің лауазымды тұлғалары шақырылды, оның ішінде 15 жаңадан тағайындалған, 23 әкім кезекті аттестаттаудан (2 жыл мерзімінің өтуіне байланысты) өтеді.
Аттестаттауға 38 селолық округ әкімдерінің 36-сы қатысты. Оның ішінде 34 әкім аттестаттауды жақсы тапсырды, ал 2-уі - өтпей қалды. Аттестаттау қорытындысы бойынша ақпарат облыстық және аудандық әкімдікке шара қолдану үшін жолданатын болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін