Ақтөбеде автобус жүргізушісі кесірінен 30-ға жуық жолаушы далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде автобус жүргізушісі кесірінен 30-ға жуық жолаушы далада қалды

Ақтөбеде автобус жүргізушісі кесірінен 30-ға жуық жолаушы далада қалды

Ақтөбе облысында автобус жүргізушісі кесірінен отызға тарта жолаушы иен далада қалды. Себебі, Қырғызстаннан Мәскеуге бет алған көлік иесінің адам тасымалдауға лицензиясы болмай шыққан.

  • 18 Тамыз 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Жол сақшылары тәртіп бұзған жүргізушінің көлігін айыппұл тұрағына алып кетпек. Ал сандалып қалған Қырғыз азаматтары енді діттеген жеріне қалай жетерлерін білмей дал. Араларында шиеттей балалар да бар. Жүргізушісінің кінәсін біле тұра олар жол сақшыларына жіберулерулерін өтініп жалынып та көрді. Дегенмен, полицейлер тиісті құжаты жоқ көлік иесіне жаза қолдануға міндеттіміз,- деп жылы қабақ танытпады. Мұны естіген жолаушылардың кейбірі жол сақшылардың жағасына жармаспақшы болды. 

Соңғы жаңалықтар