Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Шараның мақсаты — айтыс өнерін мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттау, айтыскерлер арқылы ежелгі мемлекетшілдік идеясын дәріптеп, елдегі халықтар достығын, береке-бірлікті және саяси тұрақтылықты, аймақтағы ауқымды жұмыстарды жырға қосу.
Айтыс екі айналымда өтеді. Алғашқы айналымнан ұпай саны бойынша алға шыққан екі айтыскер ақтық мәреге шығады. Жүлде қоры — 5 100 000 теңге. Бас жүлде — 1 500 000 теңге, І орын — 1 000 000 теңге, ІІ орын — 700 000 теңге, ІІІ орын — 500 000 теңге, ал жүлделі орынға ілікпеген ақындарға 100 000 теңгеден ынталандыру сыйлығы беріледі.
Айтыстың жүргізушісі — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты, ақын, журналист Жүрсін Ерман.