Ақтөбеде балаларды құрбандыққа шалады деген ақпарат тараған
Ақтөбеде жұрттың үрейін алатын хабарлама таратқан адам іздестіріліп жатыр.WhatsApp арқылы тараған аудиожазбада экстремистердің құрбандыққа шалу үшін оқушыны ұрламақ болғаны айтылады. |
-Жаңа мектепте болған оқиға дейді. Қаламқас апайдың қызын сақалдылар күштеп ұрлап бара жатқан...
Әйел оқиға №51 мектеп-гимназияда болған депті. Үш ер адам күштеп әкетіп бара жатқан оқушыны мұғалімдер арашалап қалғаны да айтылады. Бұл қауесетті естіген тұрғындар балаларын мектепке жіберуден қорқып қалған. Ал директор оны естіген бойда Ұлттық Қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер органдарына хабар берген. Қазір дақпырт таратқандар іздестіріліп жатыр.
Қаракөз Ерғалиева, №51 мектеп-гимназия директорының орынбасары:
-Мен ол хабаралманы алған жоқпын. Бірақ естігенен кейін класс жетекшілер арқылы алдыртқан болатынмын. Енді қандай хабарлама екенін көрейін деп. Бірақ дауысы да таныс емес, ондай жағдай мектебімізде болған емес.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін