Ақтөбеде балалардың шаштары тегін алынып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде балалардың шаштары тегін алынып жатыр

Ақтөбеде балалардың шаштары тегін алынып жатыр

Ақтөбедегі белсенді жастар тағы да бір қайырымдылық шарасын өткізді.

  • 21 Қаңтар 2018
  • 221
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады

Игі бастаманы көтерген «My Bro» барбершоп ұжымы мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы. Аз қамтылған отбасы балаларының шашын тегін алуға бекінген жастар бұл шара әр ай сайын өткізіліп тұратынын айтты.

Қаладағы №38 және №23 мектеп оқушыларынан ұсынылған 50 балаға қуаныш сыйлады. Заман үлгісіне сай алынған шаш үлгілерімен қатар, оқу құрал-жабдықтары табыс етілді.