Жарияланды: 430

Ақтөбеде бауыры ісіп кеткен науқасты дәрігерлер емдеуден бас тартқан

Ақтөбеде бауыры ісіп кеткен науқасты дәрігерлер емдеуден бас тартқан. Оксана Шалпакованың айтуынша, дертіне дауа іздеп барғанында мамандар оның қалада тіркелмегенін айтып кері қайтарыпты. Қазір ауруы асқынып, бауыры одан әрі ұлғайған қыз сарайда тұрып жатыр.

Алғашқыда Оксананың шермиген ішін көріп жүкті шығар деп қалдық. Сөйтсек, 25-тегі қыз цирроз дертіне шалдығып, бауыры ісіп кеткен.Қазір өздігінен қозғала да алмайды. Жастайынан жетім өскен қыз жалдамалы пәтерлерді жағалап, қалада тіркеуге де тұрмапты. Жақын маңдағы емханаға көрінгенде дәрігерлер тиісті құжат болмағандықтан емдеуден бас тартқан.

Оксана Шалпакова:

- Құжаттарыңыз болмағандықтан сізге ешқандай да көмек бере алмаймыз деді емханадағылар. Қазір жағдайым тым нашарлап кетті. Төсектен тұра алмаймын.

Оксана Шалпакова мына құлағалы тұрған сарайды тұрып жатыр. Мұнда су, не жылу жоқ. Дертінің дендегені сонша тіпті даладағы әжетханаға шығудың өзі ол үшін мұңға айналған. 

Күнделікті ас-суын көршілері мен таныстары алып келеді екен. Ал дәрілерді жергілікті қайырымдылық қоры жеткізген. Науқасты кері қайтарған емхана басшылары болса, Оксананың сөзін жоққа шығарып отыр.

Клара Кенбаева, Ақтөбе қалалық №1 емхана бас  дәрігерінің орынбасары:

- Бұл науқас біздің мекемеге келген жоқ. Өзі тіркеуде жоқ. Сондықтан учаскелік дәрігер ол науқасты білмейді.

Мамандардың айтуынша, цирроз дертін асқындырып алған адамның жанын аман алып қалу қиын. Әйтсе де, қолдан келгенше бетін бері қаратуға тырысамыз деп уәде берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін