Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе полицейлері алаяқтықтың кезекті фактілерін анықтады.
1 қазанда полицияға ЖШС-нің бір өкілі алаяқтық туралы арызбен жүгінді.
2020 жылдың наурыз айының соңында 1979 жылы туылған ақтөбелік арнайы техника – бульдозер, экскаватор, самосвал сату сылтауымен ЖШС-дан 5,5 млн теңге көлемінде ақша алып, алдын ала төлем жасады. Алайда ол уәде етілген техниканы алмаған. Ер адам ұсталып, жасаған ісін мойындады, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
2020 жылдың тамыз айында Әйтеке би ауданының 21 жастағы тұрғыны интернет арқылы алаяқтық жасаған. Ол Қарғалы елді мекенінде бола тұра, қоңырау шалу сылтаумен ақтөбеліктің телефонын сұраған. Содан кейін ол банк қосымшасы арқылы жәбірленушінің телефонынан өз шотына ақша аударған. Шығын 10 мың теңгені құрады. Күдіктіні ұстау шаралары қабылданды.
2020 жылдың тамызында Ақтөбеде тағы бір алаяқтық дерегі орын алды. 27 жастағы ақтөбелік салынып жатқан техникалық қызмет көрсету станциясын газдандыруға рұқсат алу сылтауымен 1979 жылы туылған жеке кәсіпкерге тиесілі 720 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденді, күдікті ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.