Ақтөбеде дəрігерлер науқас балаға алты ай бойы басқа диагноз қойып, өлтіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде дəрігерлер науқас балаға алты ай бойы басқа диагноз қойып, өлтіріп алды

Ақтөбеде дəрігерлер науқас балаға алты ай бойы басқа диагноз қойып, өлтіріп алды

Ақтөбеде дəрігерлердің жауапсыздығынан адам өлімі көбейді. Ақ халаттылар өңірдегі аққан ауруына шалдыққан балаға алты ай бойы басқа диагноз қойып, ақыры өлтіріп алды.

  • 23 Желтоқсан 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz

Баласынан айырылған Алға ауданының тұрғыны прокуратураға шағым түсірген. 11 жастағы баласының қызуы көтерілген келіншек дəрігер көмегіне жүгінген.

Аудандық аурухана балақайды тексерместен, қызу түсіретін дəрі беріп үйіне қайтарған. Ауруы асқынған баланың жағдайы нашарлап кетеді. Оның сырқатының нақты диагнозы Астанада тексерілгеннен кейін ғана анықталған. Аққан ауруының асқынған түріне шалдыққан жеткіншек алты айдан кейін көз жұмды.

“Қазіргі уақытта осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр”, – дейді прокурор.


Құзырлы мекеме өңірде дұрыс ем жүргізбеудің салдарынан адам өлімінің дерегі көбейгенін айтып, дабыл қағуда.

“Жыл санап дұрыс ем жүргізбеудің салдарынан облыста адам өлімінің дерегі көбейіп отыр. 2013 жылы осындай 23 дерек тіркелген болса, 2014 жылы 48 тұрғын дəрігерлерден зардап шеккен. Ал 2015 жылы облыста 61 адам көз жұмған”, – деп хабарлайды облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратов.

Соңғы жаңалықтар