Ақтөбеде егіздердің байқауы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде егіздердің байқауы өтеді

Ақтөбеде егіздердің байқауы өтеді

АҚТӨБЕ. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Қала өкіметінің бастамасымен Ақтөбеде егіздердің байқауы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 17 Тамыз 2006
  • 607
Фото - Caravan.kz

Осынау ерекше байқау республиканың Конституция күніне арналған. Ақтөбе қалалық мәдениет бөлімінің төрағасы Маржан Қорғанбаеваның айтуынша, байқауға қатысушылар еліміздің Ата заңының қағидалары мен Қазақстан тарихынан хабардар болуға тиіс. Сонымен бірге байқауға қатысушылар бір-бірін бірегей түрде таныстырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етуге тиіс.

Байқау 6-10 жас, 11-16 жас, 17-25 жас деген үш түрлі жас категориясы бойынша өткізіледі. Сонымен бірге шараны ұйымдастырушылар ересек егіздер үшін арнаулы сыйлықтар дайындап отыр.
«Егіздердің шеруі» 30-тамызда Абай атындағы орталық саябақта өтеді.

Перейти к новостям спорта