Ақтөбеде эротикалық сипаттағы басылымдар саудасын реттеу мақсатымен арнаулы дүкендер ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде эротикалық сипаттағы басылымдар саудасын реттеу мақсатымен арнаулы дүкендер ашылады

Ақтөбеде эротикалық сипаттағы басылымдар саудасын реттеу мақсатымен арнаулы дүкендер ашылады

Ақтөбеде кешікпей эротикалық сипаттағы басылымдар саудасын реттеу мақсатымен арнаулы дүкендер ашылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ішкі саясат департаментінің бастығы Марат Тағымов хабарлады.

  • 25 Шiлде 2003
  • 818
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, арнаулы дүкендер ашу туралы Ақтөбе облыстық мәслихаты бастама көтерген. Оның үстіне мұндай тәжірибе еліміздің басқа да бірнеше облысында қолданылып отыр.

Бүгінде Ақтөбеде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарлары, департамент өкілдері, ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының мамандары қамтылған арнаулы комисия құрылып, ол эротикалық басылымдар саудасының ережесі жобасын жасап жатыр.
Комиссия мүшелерінің пікірінше, эротикалық сипаттағы басылымдарды кәмелеттік жасқа жетпегендерге сатуға тыйым салу дұрыс. Соған сәйкес, арнаулы дүкендер балабақша, мектеп, әкімшіліктер, жоғары оқу орындары, колледждер, мұражайлар, театрлар, қоғамдық көліктер, ауруханалар мен халық жаппай демалатын жерлерге, сондай-ақ, тарихи және сәулеткерлік ескерткіштерге таяу жерлерде орналасуға тиіс емес. Сонымен бірге, жаңа тәртіп бойынша, мұндай басылымдар жылтыр қағазға оралған күйде сатылуы керек.