Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, 11 жастағы ұлды құрдастарымен ойнап жүрген сәтте өз үйінің ауласынан ұрлап әкеткен. Артынан белгісіз біреулер жасөспірімнің анасына телефон қоңырауын шалып, одан 20 мың теңге бопсалаған. Егер ол полицияға хабар берсе, онда бала зардап шегеді деп қорқытқан. Әйел талап етілген ақшаны қылмыскерлерге береді, бірақ, әлгілер баланы қайтармайды.
Осыдан кейін баланың анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, күдіктілер жалдап тұратын пәтерлерінен ұсталды. Ұрланған бала да осы жерден табылды. Ол зардап шекпеген, қандайбір зорлым-зомбылық белгілері анықталған жоқ.
Қазір 19 және 21 жастағы екі күдікті уақытша тергеу абақтысында отыр. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің адам ұрлау жөніндегі 125-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандар осындай жолмен «тіршілік ету үшін ақша таппақ» болғанын жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті