Облыстық мәдениет бақармасындағылардың айтуынша, байқауға алдын-ала эскиздерімен барлығы 44 өтініш түскен, әртүрлі қалалар мен елдерден келген 20 автордың жұмысы іріктеліп алынды. «Біздің қаланда өзіндік кескін-келбет, бейнесі жоқ. Қарап тұрсаңыз мүсіндердің бәрі бірдей»,- деді облыстық мәдениет басқармасының көркемөнер бөлімінің бастығы Роза Тасырова.
Байқауға қатысушылардың арасында ең көбі ресейліктер. «Ақтөбеге Санкт-Петербург, Нижний Тагил, Рязань, Мәскеу, Читадан және басқа ресей қалаларынан келеді»,- деді басқармадағылар.
«Қазір Атыраудан Ақтөбеге күлгін ұлутастарды жеткізу туралы мәселе шешілуде. Олар қаттылығы жағынан мәрмардан кейінгі орында, бірақ қол жеткізу оңай, ең бастысы — төзімді»,- деді Р. Тасырова. Тақырыптарға қандай да бір шектеу қойылмайды, қатысушылардың әрқайсысы «өзіне тиесілі тасты алып, содан өз туындысын жасап шығарады»,- деп қосты ол.
Ақтөбеде мүсіншілер бір ай болады. Осы уақыт ішінде олар қала сыртындағы лагерьде тұрады. Олардың тұратын жері, азық-түлігі мен екі жақ жолақысын облыстық бюджет өз мойнына алады.
Байқаудың жеңімпазы 5 мың АҚШ доллары көлемінде, ал екінші және үшінші орын иеленгендер 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. «Бірақ бұл басқа мүсіндер қаладан кетеді деген сөз емес. Олардың барлығы да қалада қалады, ол үшін қазір ұйымдастырушылар ыңғайлы орын іздеуде»,- деді мәдениет басқармасындағылар.