Ақтөбеде есірткі шегіп алып жолаушы тасымалдап жүрген бағытты таксидің жүргізушісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде есірткі шегіп алып жолаушы тасымалдап жүрген бағытты таксидің жүргізушісі ұсталды

Ақтөбеде есірткі шегіп алып жолаушы тасымалдап жүрген бағытты таксидің жүргізушісі ұсталды

АҚТӨБЕ. 21-қараша. Kazakhstan Today. Ақтөбеде есірткі шегіп алып жолаушы тасымалдап жүрген бағытты таксидің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 21 Қараша 2006
  • 364
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің бастығы Алмат Иманғалиевтің айтуынша, 43 жастағы жүргізушінің үстінен жолаушылар шағым айта бастаған. Ол біртүрлі қылық көрсетіп, адамдардың өміріне қауіп төндірген.

Жүргізушіні тексерген кезде оның қалтасынан 50 грамм марихуана, ал «ГАЗельге» тінту жүргізген кезде тағы да 200 грамдай есірткі табылды.

Оның үстінен ҚР ҚК есірткіні заңсыз сақтау жөніндегі 259-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге тұтқын сату үшін марихуана өсірген деген күдік бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта