Ақтөбеде ірі героин партиясы жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде ірі героин партиясы жойылды

Ақтөбеде ірі героин партиясы жойылды

ҰҚК Ақтөбе облыстық департаментінің мамандары ірі героин партиясын жою операциясын жүзеге асырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Шiлде 2004
  • 381
Фото - Caravan.kz

Есірткіні жою жөніндегі комиссияға енген сот администраторы Талғат Бектияновтың ақпаратына сәйкес, Ауғанстанда өндірілген, былтырғы жыл соңында «Найза» операциясы кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының екі тұрғынынан тәркіленген 35 кило героин ҰҚКД пешінде өртелді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың аяғында Ақтөбеге кіре берісте «Ауди-100» автокөлігінің жанармай құятын багына героин жасырған екі есірткі тасымалдаушы ұсталған болатын. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында анықталғанындай, есірткі тасушылар героинді Ресей арқылы Батыс Еуропаға шығарып сатпақ болған. Биыл Ақтөбе облыстық соты есірткі тасымалдаушы екі адамды да үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Осы уақыт ішінде героин ҰҚКД-нің дәлел заты ретінде қоймада сақталды.

Перейти к новостям спорта