Ақтөбеде ит 5 жасар баланы қауып, табанда өлтірді
Ақтөбеде алабай тұқымындағы ит 5 жасар баланы өлім аузына дейін қауып, табанда өлтірді. |
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, қайғылы оқиға 16 желтоқсанда орын алды.
«Жедел-жәрдем көрсету қызметінің фельдшері 312 атқыштар дивизиясы даңғылының бойында орналасқан өндірістік базалардың бірінде ит қауып тастаған 5 жасар баланың мүрдесі табылғандығын хабарлады», - деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Алмат Иманғалиев.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы анықтағандай, балаға өндірістік базаның иесіне тиесілі «алабай» тұқымындағы ит шабуыл жасаған. Бүлдіршін қанның көп кетуінен жантәсілім еткен.
Мәлім болғандай, баланың әкесі отбасымен бірге уақытша аталмыш базада тұрып, күзетші болып жұмыс істеген.
«Бұған дейін ит балаға еш шабуыл жасаған емес, сол күні баланың әкесі оны серуендеуге жалғыз жіберген. Тексеру амалдары жүргізілді, алайда баланың әкесі шағымданған жоқ, соған байланысты қылмыстық іс қозғалмады»,- деді Алмат Иманғалиев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін