Хабарламада айтылғандай, Ақтөбе инвестфорумы күні, 13 қазанда Заводская көшесінде алапат жарылыс болуы мүмкін еді. Таңғы 5.20 кезінде KNPS газ бекеті цистернасына Toyota Hilux көлігі келіп соғылды. Рөлде 39 жастағы кәсіпкер болған.
Бастапқы мәлімет бойынша, Ақтөбеде танымал бизнесмен цистернаға соғылып, өз-өзін жарып жібермек болыпты. Алайда газдың жарылуы орын алған жоқ. Сол кезде ер адам пышақ алып шығып, тағы да өз-өзіне қол салмақ болады.
Ер адам көптеген жарақатпен ауруханаға хирургия бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.