Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында он бір ана күміс алқамен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында он бір ана күміс алқамен марапатталды

Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні қарсаңында он бір ана күміс алқамен марапатталды

АҚТӨБЕ. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Ақтөбеде Халықаралық әйелдер күні 8-наурыз мейрамы қарсаңында сегіз және одан да көп бала өсіріп, тәрбиелеген он бір ана "Күміс Алқамен" марапатталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 5 Наурыз 2007
  • 728
Фото - Caravan.kz

Марапаттапу салтанаты қалалық әкімшілікте өтті. Аналарға кеуде белгісі мен гүл шоқтарын Ақтөбе әкімінің орынбасары Әкімгерей Көшербаев табыс етті.

Ақтөбе облыстық мемлекеттік зейнетақы төлемдері орталығының ақпараттарына сүйенсек, аймақта бүгінгі күнде «Ана даңқы» белгісімен (төрт және одан да көп бала өсіріп, тәрбиелеген аналарға табыс етіледі) марапатталған 6,8 мың ана, «Күміс Алқамен» марапатталған 829 ана, «Алтын Алқа» алған 150 әйел және де 1,7 мыңнан астам батыр-ана бар. Олардың барлығы мемлекеттен арнайы жәрдемақы алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті