Ақтөбеде Халықаралық қарттар күніне арналған "Ізгілік күні" атты шара өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде Халықаралық қарттар күніне арналған "Ізгілік күні" атты шара өткізілуде

Ақтөбеде Халықаралық қарттар күніне арналған "Ізгілік күні" атты шара өткізілуде

Бүгін, 1-қазанда Ақтөбеде Халықаралық қарттар күніне арналған "Ізгілік күні" атты шара өткізілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қазан 2003
  • 1892
Фото - Caravan.kz

Қала әкімінің орынбасары Рашид Юсуповтың айтуына қарағанда, биыл жылдағы дәстүрге сәйкес қарттарға арналған қайырымдылық ас берілмейді. Оның орнына әлеуметтік көмек орталығында тіркеуде тұрған зейнетақы жасындағы 3 мыңнан астам Ақтөбелік қариялар қалалық Оқушылар сарайы, Мұғалімдер үйі, драма театры мен Студенттер сарайында өтетін мәдени жалпыхалықтық шараларға шақыру алады.

Шақыру билеттерін қалалық әлеуметтік көмек орталығының еріктілері таратады. Сондай-ақ, қарттар мен мүгедектердің интернат үйінің жанындағы саяжай учаскесінде жұмыс істеу, жүріп-тұрудан қалған зейнеткерлерге арнап азық-түлік жинағын тарату жұмыстарына да еріктілер жұмылдырылады.
Бүгін қарттар мерекесіне орай қалада шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттер мен қойылымдар ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар